Пратнеры

      • "АҢСАР" АҚПАРАТТЫҚ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ

      • Біз жайлы

        Ақтөбе облысының дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесінің Аңсар ақпараттық – талдау орталығы  коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысы әкімінің қаулысымен 2014 жылы құрылды. Заңды тұлға мәртебесі бар ұйымдастырушылық – құқықтық, нысанында құрылған коммерциялық емес мекеме болып табылады. Мекеме өңірлік деңгейде діни үдерістерді зерделеу бағытында қызмет атқарады. Мекемеде 3 бөлім жұмыс атқарады

        Әкімшілік бөлімі , талдау және мониторинг бөлімі және ақпараттық түсіндіру және оңалту жұмысы жөніндегі бөлімі.

        Талдау және мониторинг бөлімі 

        Бөлімнің негізгі міндеті – Ақтөбе облысындағы діни ахуалға талдау және мониторинг жасау.

        • Діни бағытта элеуметтік зерттеулер жүргізу;
        • Бұқаралық ақпарат құралдарына талдау және мониторинг жасау;
        • Әдістемелік құралдар брошюралар мен буклеттерді шығару және тарату.

        Әкімшілік бөлімі:

        Бөлімнің негізгі қызметі мекеменің кадрлық және заң жұмыстарын камтамасыз ету болып табылады.

        • Құқықтық сипаттағы құжаттарды жасақтау;
        • Мекеменің кадрлық және құжаттамалық іс-қағаздарын жүргізу;
        • Қоғамдық, ұйымдастарға құқықтық көмек беру.

        Ақпараттық түсіндіру және оңалту жұмысы жөніндегі бөлімі.

        Бөлімнің негізгі міндетті – Ақтөбе облысы тұрғындары арасында ақпараттық түсіндіру және оңалту  бағытында шаралар өткізу.

        • Ақтөбе облысындағы дін жөніндегі ақпараттық – насихат топ қызметін ұйымдастыру;
        • Өңір тұрғындарына ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын (дәрістер, акциялар, кездесулер, семинарлар және т.б.) өткізу;
        • Ағарту қызметін өткізу;
        • Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді насихаттау;
        • Жазасын өтеушілермен оңалту орталықтарында кездесулер өткізу.

        Аңсар кеңес беру – оңалту орталығы қоғамдық бірлестігі

        Бірлестік қызметтінің мақсаты мен мәні

        Бірлестік әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени және өзге қоғамдық маңызды мақсаттарды көздейді.

        Мақсаттарға жету үшін бірлестік төмендегідей қызмет түрлерін атқарады.

        • Төзілімдікті және адамгершілікті насихаттау;
        • Салт – дәстүрлерді, әдет – ғұрыпты және ұлттық қағидаларды қорғау;
        • Әлеуметтік әділеттілікті, өнегелілікті, салауатты өмір салтын, қайырымдылықты насихаттау;
        • Азаматтардың сеніміне, ұлтына , жынысына және т.б қатысты кемсітүшілік фактілерді туралы қоғам мен мемлекеттік органдарды ақпараттындыру, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектесу;
        • Деструктивті әдебиеттер және радикалды мәнді материалдармен күрес жөніндегі сараптамалық қеңестің жұмысына көмектесу.

        Мекеменің мақсаты:

        • Халықтық діни сауаттылығын арттыру;
        • Түрлі діни, мәдени – көпшілік және танымдық шараларды ұйымдастыру және өткізу;
        • Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дәстүрлі дінді насихаттау және түрлі діни ағымдардан сақтандыру мақсатында ақпараттар тарату;
        • Халықтық санасында төзімділікті қалыптастыру.